«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көш көсемі – 2023»

01.11.2023

Мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшылары мен "Мен елімнің ертеңімін" балалар ұйымдарының көшбасшыларына облыстық форумы аясында 2023 жылғы 19-20 қазанда "Көш көсемі-2023" облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушылар- Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы.

 Байқаудың негізгі мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтау және олардың көшбасшылық мүмкіндіктерін ашу.

Байқау келесі бағдарлама бойынша өтті:

1 кезең - өзін-өзі таныстыру /3 минутқа дейін/;

2 кезең -эссе;

3 кезең – "Мен көшбасшымын"тренингі

Бұл байқауға аудандық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, Астрахан ауылының №1 ЖОББМ -Сүлеймен Арайлым, Первомайка ауылының ЖОББМ - Жұмабай Нұрайым, Колутон ауылының ЖОББМ - Аугалиева Асем, Камышенка ауылының ЖОББМ - Чернятевич Ксения және Астрахан ауылының №2 ЖОББМ - Мүбарак Алдияр қатысты. Барлық қатысушыларға конкурсқа қатысу туралы сертификаттар табысталды.

Сүлеймен Арайлым жүлделі ІІІ орынға ие болды, жетекшісі –Жанибекова Гульмира Байзековна, құттықтаймыз!!!

Просмотров: 1411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст