«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назарбаев Университеті және «Астана-опера» театрына саяхат

20.04.2017

Сәуір айында оқушылардың кәсіби бағдар алу аясында Астрахан ауылының оқушылары Назарбаев Университетіне барып қайтты. Назарбаев Университеті – бұл еліміздің бірегей беделді және ең

жас ЖОО.

            Біздің бару мақсатымыз – Қазақстанның жетекші Университеттерінің бағыттары және кезеңдерімен танысу.

    Корпустарды бір үлкен артиум қосады. атриум – университеттің ең әдемі және көркем бөлігі. Ерекше есімізде қалған экзотикалық ағаштар өсетін, тропикалық бақ. Сондай ақ елімізде ең үлкен ағылшын тіліндегі ақпараттық ресурстары (кітаптар, кезекті баспалар және электрондық ресурстар) бар кітапханасы оқушылардың есінде қалды, оны супертехнологиялық кітапхана деп айтсақ та артық кетпегеніміз.

            Дәріс залында оқушыларға инженерия, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, ғылым және технология мектептері жөнінде айтып берді. Мектептің барлық мағлұматтары өздерінің зерханаларында. Инженерия

зертханаларының біреуінде жас зерттеушілер және олардың зерттеулерімен

таныстық.

           Оқушылар университет аясына кіріп, студенттермен араласты. Осындай саяхаттар – оқушылар үшін үлкен уәждеу. Олар болашақта қайда ұмытылу керектігін қазірден бастап ойластырады.

Содан соң оқушылармен ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан жаңа «Mega Silk Wey» ОСО бардық. «Mega Silk Wey» ОСО аумағы – 140 мың км2.  «Mega Silk Wey» ОСО кейін балалармен «Астана – опера» мемлекеттік

театрды көріп қайттық. Тетар еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен салынған. Есілдің сол жақ жағалауында орналасқан театр өзінің көркемдігіме көзге түседі. Ғимараттың аумағы 64 мың км2. Оның ішінде 3000 км2 сахналық алаң. «Астана Опера» өзінің масштабымен ғана емес сондай ақ архитектуралық

көрінісімен де ерекшеленеді. Оқушылар керемет ғимараттың данышпан архитектуралық шешімін көріп, сахналық жаңа техникалық шешімдеріне таң қалды. Театар мұражайының меңгерушісі Хусаинова Априза оқушыларға мұражайдың экспонаттары

жөнінде айтып берді.

            Оқушылар көпетеген жаңа және өздеріне пайдалы нәрселерді білді. Мен «Кайнар–АгроII» ЖШС директоры Паскалиди Валерий Юрьевичке бізге саяхатты ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсеткені үшін үлкен

рахмет айтқымыз келеді.

            Сізге, сіздің ұжымыңызға демеушілік көмек көрсеткеніңіз үшін үлкен алғысымызды білдіремін. Сіздің демеушілік көмегіңіз оқушыларға қуаныш сыйлады. Сізге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, амандық тілейміз.

Ары қарай бріге жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз.

 

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст