«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көп балалы, жағдайы төмен және толық қамтылмаған отбасыдан шыққан, қамқорсыз қалған балалардың «Сокол» БСО жазғы демалысы

22.08.2017

Биылғы жылы 11 – 17 тамыз аралығында жалпыға бірдей білім беру ұйымының қорынан бөлінген қаржыға көп балалы, жағдайы төмен және толық қамтылмаған отбасыдан 60 бала СҚО қала сыртындағы «Сокол» лагеріне жіберілді.

Тәлімгерлер тамаша! Олар ауысымды қызықты және есте қаларлықтай жасап, әрқашан қызықты, көңілді іс-шаралар ұйымдастырып отырды. Қостанайдан келген тарихшы Кусаинов Мейрам  Жумабаевич қызықты саяхатты «Үш апалы-сіңілі» мен «Екі ағалы» атты тауда өткізді. Не есте қалғаны, кіммен достасқаны, бір күн ішінде қандай жаналық алғанын барлығын жинап, кешке талқыланды. Ең қызығы, Камышенка ОМ біздің оқушымыз Орехов Тимур

тәлімгерлерге көмектесті. Оның бойында тәлімгердің жұмыс тәжірибесі бар, себебі биыл өзі «Чудотвор» атты мектепішілік алаңында тәлімгер боп үш ауысымда жұмыс жасады. Және бізді қуантатын жағдай келесі жылға Тимурды БСО «Соколға» стажер боп жұмысқа шақырды.

Балалар өздерінің құрдастарымен қарым-қатынасып, жаңа достар табады, түрлі спорттық, ойын-сауық  шараларына  қатысады, саяхаттарға барып, шығармашылықпен айналысады. Балалар ұжымында орын алған бірлік, татулық және  позитивті рух – балалар лагеріндегі қайталанбас қызықты демалыс пен  естен кетпес оқиғалардың  кепілі.  Лагерьде  көптеген жылдар бойы қызмет жасап келе жатқан  педагогикалық  ұжым мүшелерінің  де  алдына қойған мақсат-міндеттері де  балалар демалысын естен кетпестей  тамаша ұйымдастыру болды. 

 

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст