«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы

31.01.2022

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы  2022 жылдың 20 қаңтар күні онлайн форматта /ZOOM арқылы/ өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Мектептің өзін-өзі басқару қызметі туралы /Жаксыбаева А.К./

 2. «Оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы туралы /Мухтарбекова Д.Е./

3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмысы туралы /Баязитова Г.О./

4. Отбасылық клубтың жұмысы /Смагулова Б.Г./

5. 2022 жылға арналған жоспармен таныстыру /ББ әдіскері- С.Ибикенова/.

 

Отырыстың  қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:

- 2022 жылға арналналған жоспарға сәйкес жұмыс атқару;

- Оқу-тәрбие процесіне қатысудағы ата-аналардың рөлін арттыру;

- Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау;

- Білім алушылардың отандық тарихқа, өлкетануға, мәдениетке қызығушылығын дамыту, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыру және дебаттық қозғалысқа білім алушылардың барынша мүмкін болар көп санын анықтау және тарту;

- Білім берудің жергілікті инновациялық технологияларын енгізу мен зерделеуді жалғастыру.

 

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст